09
қараша
2023
ЮСУПОВА Махсуда Дадановна

Өмірбаян
Мен, Юсупова Махсуда Дадановна 1970 жылы 29 қараша Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келдім. Ұлтым өзбек.
1977 жылы Түркістан қаласындағы Алишер Науаи мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданып, 1987 жылы мектепті үздік бағалар мен бітірдім. 2008 жылы М.Әуезов атындағы университетке сырттай оқуға түсіп «Кітапхана ісі» бойынша диплом алдым.
1993 жылы 1-қаңтардан Қарнақ ауылындағы «Шаш-төбе» жалпы білім беретін мектебіне кітапханашы болып жұмысқа орналастым.
Отбасым бар. Жұбайым Юсупов Бобир Сабиржанович жоғары білімді.
Екі қыз, екі ұлым бар.
Қазіргі таңда “Шаш-төбе”жалпы білім беретін мектебінде 30 жылдан бері жұмыс атқарамын.