25
қараша
2023
БАЙМЕТОВ Улугбек Шерикбаевич

«Қазақстанға 30 жыл атындағы №3 көп салалы мектеп -гимназиясы» директоры Байметов Улугбек Шерикбаевич 2024 жылдың 15 қазан күні Кентау қаласы білім бөлімінің бұйрығына сәйкес ротациялау жолымен «Шаш-төбе» жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. 17 жылдан астам уақыт басшылық қызметін абыроймен атқарып келеді.Осы жылдар ішінде «Білімді ұрпақ еліміздің тірегі» деген қағиданы мақсат етіп, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бойынша заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Келешек ұрпаққа жалықпай еңбек еткен мектеп басшысы қалалық, облыстық, республикалық мақтау қағаздарының иегері.
Байметов Улугбек Шерикбаевич - 1966 жыл 22 қаңтар Түркістан қаласы Оранғай ауылында туылған. 1991 жылы Ташкент Мемлекеттік Политехникалық университеті, информатика маманы. 2005 жылы Халықаралық Қазақ- Түрік университеті, АӘД және дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы жұмыс өтілі 30 жыл. Педагог – шебер.
Жоғары кәсіби – педагогикалық құзіреттілігімен, белсенділігімен «Шаш-төбе жалпы білім беретін мектеп» КММ басқарып, жұмыс атқаруда.
Жұмыс барысында өзінің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында адамгершілік негізіндегі жеке тұлғаны қалыптастыруда білімді де білікті еңбегінің арқасында оқушыларымыз пәндік олимпиадаларда, сайыстарда, 3 жыл көлемінде ҰБТ қорытындысы бойынша мектепті жоғары дәреже көрсетуде.
Улугбек Шерикбайұлы әріптестері арасында әрқашан еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен, жанашырлығымен ерекшеленетін, ұжымы мен үлгі-өнеге тұтатын, қоғамның дамуына, еліміздің өркендеуі жолында бойындағы біліктілігін аямайтын ұлағатты ұстаз, білікті басшы.
2018 жылы ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Ә. Науаидің 577 жылдығына орай қалалық мектеп оқушылар арасында спорттық сайыста жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін оқушылары Мадақтамамен марапатталған.
2016 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.АЛТЫНСАРИН» белгісімен марапатталып КУӘЛІК берілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Балалық әлемі» конкурстық – білім беру жобасына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2016 Кентау қалалық әкімдігі, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы тынымсыз еңбегі, ҰБТ-де жоғары нәтиже көрсеткені үшін Мадақтамамен марапатталды.
2017 жылы Ресей, Кемерово технологиялық университеті ұжымы, оқушыларының білімділігі, зеректілігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2017 жылы – Кентау қаласы әкімі тарапынан шығармашық ізденімпаздығы, білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2017 жылы. ОҚО Білім Басқармасы және өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі, ОҚО өзбек тілінде оқытылатын мектеп бітірушілері арасында откізілген «Тест білгірі-2017» байқауына оқушылары белсенді қатысып ең жоғары нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2019 жылы Ресей, Кемерово технологиялық университеті ұжымы, оқушыларының білімділігі, зеректілігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2019 жылы - «Жас дарын» Республикалық ғылыми жоба және инновациялық журналы, сапалы білім уақыт талабы тақырыбындағы баяндамасы жарық көрді.
2021 жылы – Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, «Алғыс айту» күніне орай жас ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы тынымсыз еңбегі үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды.
2021 жылы – Кентау қаласы әкімі тарапынан шығармашық ізденімпаздығы, білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.